Бұл мемлекеттік мереке республикамыздың жаңа тарихында ерекше орын алады. Бұл күні 1991 жылы алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Ол үшін сайлаушылардың 98,7% дауыс берді. Қазақстандықтардың осындай бірегей бірлігі мемлекеттің қарқынды дамуы үшін берік іргетас қалады.
Оның басшылығымен жаһандық экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда, біздің республикамыз бүкіл әлемде заманауи демократиялық мемлекет ретінде танылды. Тәуелсіздіктің барлық жылдарының табыс тарихы осыны айқын дәлелдейді.