«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылығы» ШЖҚ-дағы РМК ресми сайтына қош келдіңіздер!
«ШҚД Автошаруашылығы» ШЖҚ-дағы РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) – көлік қызметін көрсету саласындағы сенімді серіктес. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын қауіпсіз, сапалы және үздіксіз көлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық және республикалық деңгейдегі ресми іс-шараларды сүйемелдеу, шетелдік делегацияларды қабылдау, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету жұмыстарын атқарады.
Кәзіргі таңда Кәсіпорын ауқымды және қарқынды дамып келе жатқан құрылым:
- заманауи және үнемі жаңартылып отыратын жайлы жеңіл автокөліктер, шағын автобустар мен өкілдік кластағы автобустар паркі;
- ірі халықаралық саммиттер мен делегациялардың ресми сапарларын қоса алғанда, әр түрлі деңгейдегі ауқымды іс-шараларға тұрақты түрде қызмет көрсету;
- қауіпсіздіктің жоғары стандарттары: көлікті қатаң техникалық бақылаудан өткізу, жүргізушілердің міндетті күнделікті медициналық қарауы және тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет;
- тұрақты түрде оқытудан өтіп, біліктілігін арттыратын жоғар сыныпты мамандардың кәсіби командасы;
- ISO 9001-2016 сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі және процестерді белсенді түрде цифрландыру.
Кәсіпорын қызмет көрсету деңгейін үнемі жетілдіруге, көлікті басқарудың озық технологияларын енгізуге, кадр әлеуетін дамытуға ерекше назар аударады. Жұмыста жауапкершілік, ашықтық және кәсібилік қағидаттары басшылыққа алынады.
Бұл бөлім келушілермен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін құрылған. Мұнда азаматтар мен ұйымдар өз сұрақтарын, ұсыныстарын, ескертулерін немесе ресми өтініштерін қалдыра алады. Әрбір хабарлама Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес қарастырылады, ал түскен ұсыныс-идеялар Кәсіпорынның жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қызметіне көрсеткен сенім мен қызығушылық үшін алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылығы» ШЖҚ-дағы РМК Директоры Бекмұратов Ержан Әділханұлы.