Кәсіпорын қызметінің мақсаты ISO 9001-2016 және ISO 27001-2015 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін және ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу, енгізу және үнемі жақсарту арқылы тұтынушылардың және кәсіпорынның барлық мүдделі тараптарының талаптары мен күтулерін барынша толық қанағаттандыру болып табылады.
Сапа саласындағы кәсіпорын қызметінің негізгі қағидаттары:
* үдеріске және тәуекелге бағдарланған тәсілдерге негізделген кәсіпорынның бизнес-процестерінің сапасы мен нәтижелілігін тұрақты жетілдіру және арттыру;
* СМЖ-ның жұмыс істеуін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, оның ішінде нормативтік талаптарға сәйкес автопаркті мерзімді жаңарту және кәсіпорын объектілеріне қызмет көрсету;
* қызметкерлерді оқыту жүйесін енгізу, барлық қызметкерлерді сапаны басқару процестеріне тарту және ынталандыру, қызметкерлердің кәсіпорын қызметтерінің сапасын арттыруға жеке үлесінің маңыздылығын түсіну арқылы кәсіпорында корпоративтік мәдениет пен қызмет көрсету сапасын арттыру;
* кәсіпорын қызметін қамтамасыз ету үшін автокөлік, материалдар, жабдықтар мен қызметтердің сенімді және жоғары білікті жеткізушілерімен серіктестік;
* Тапсырыс берушінің кәсіпорын қызметтері мен сервисінің сапасына қанағаттануын арттыру;
* кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және әр қызметкердің әл-ауқат деңгейін арттыру үшін тұрақты пайда табу.
ШЖҚ "МТҚБ Автошаруашылығы" РМК Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы саясаты қызметті жүзеге асыру кезінде ақпаратты тиімді және қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі құндылықтары:
* жоғары сапалы қызмет көрсетудің үздіксіздігі;
* клиенттердің мүдделерін қорғау және олардың тарапынан жоғары сенімділік деңгейін қолдау;
* іскерлік бедел мен корпоративтік мәдениетті арттыру.