Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Бараев көшесі ауданындағы жол айрығындағы жол жабынын ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастады.
Жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.Осы жылдың 13-16 тамыз аралығында Республика даңғылынан А.Бараев көшесіне дейінгі оң жақ бұрылыстағы автокөлік құралдары үшін және А.Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі оң жақ бұрылыстағы съезде қозғалыс ішінара жабылады.