Бүгін, 10 тамызда, Қазақстанда ұлы ойшыл, ақын Абай күні атап өтіледі. Өткен жылы бұл күн мереке күндерінің күнтізбесіне енгізілді.
10 тамызды Абай күні деп жариялау кездейсоқ емес. Қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі, ағартылған ислам негізінде еуропалық мәдениетке жақындау рухында мәдениетті реформалаушы Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келді.
Шын аты — Ибрагим, бірақ әжесі Зеренің берген Абай аты оған өмір бойы бекітіліп қалған.
Биыл ұлы Абайға 176 жыл толды.