Басты бетСтуденттер өндірістік дағдыларын дамытуда

Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда

Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда Студенттер өндірістік дағдыларын дамытуда

Астана қаласы әкімдігінің rөлік және коммуникация жоғары колледжінің «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқитын 23 студенті материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығына өндірістік тәжірибеге шықты.

Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен болашақ мамандар өндірістік және технологиялық процестерді зерттейді, автомобильдерге компьютерлік диагностика жүргізеді, жөндеу, шанақ жұмыстарын, құжаттау стандарттары мен жұмыс регламенттерін үйренеді.

Бұл топтың қыз балалары бухгалтерлік есеп және есептілік, диспетчерлік қызмет бөлімдерінің жұмысына қатысады.

Тәжірибеден өту барысында студенттер ақпаратты өз бетінше таңдауға және жүйелеуге, алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, алдына қойылған міндеттерді шешуге, ұжымда өзін-өзі бақылау және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға үйренеді.

- Тәжірибе жаңа ғана басталды, бірақ балалар өздерін тәртіпті, жауапты және атқарушы жас мамандар ретінде көрсетті деп айтуға болады. Біз колледж басшылығына қолдау көрсетіп, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға көмектескенімізге қуаныштымыз, - деді автошаруашылық директорының орынбасары Құралай Төретаева.