Басты бетБалаларды қорғау күніне арналған ертегілер мен сыйлықтар!

Балаларды қорғау күніне арналған ертегілер мен сыйлықтар!

Балаларды қорғау күніне арналған ертегілер мен сыйлықтар! Балаларды қорғау күніне арналған ертегілер мен сыйлықтар!

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының  автошаруашылығының ұжымы барлық балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтайды, баршаңызға қауіпсіз жазғы демалыс, көңілді шытырман оқиғалар, жаңа достар және жағымды эмоциялар тілейді!

Жаздың бірінші күні бүкіл әлемде дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл қоғамға өскелең ұрпақтың құқықтарын сақтау қажеттігін еске салуға арналған ерекше мереке. Осы күнге арналған ойын-сауық іс-шаралары материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының  автошаруашылығында да өтті. Кәсіпорынның көп балалы жұмыскерлердің балаларына қуыршақ театрына, «Элвин және сиқырлы орман тұрғындары» спектакліне билеттер берілді. Театрға 40 бала барды. Балалар жарқын әсер алды, өйткені қуыршақ театры-әр минут сайын ғажайыптар болатын ертегілер мен сиқырлар әлеміне баруға мүмкіндікті береді. Біздің балалар риза болды, олар сахнадағы шытырман оқиғаларды қуана бақылап отырды. Сондай-ақ, «Мен балалық шағымның суретін саламын» атты сурет конкурыс ұйымдастырылды, біздің балалар белсенді қатысты. Шығармашылық байқаудың барлық қатысушылары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.