Жаздың бірінші күні оқушылардың жүздеріне күлкі сыйлайды. 1 маусым күні көптен күткен мейрам, себебі үш айлық жазғы демалыстары басталады. Бұл күні көптеген елдер Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді.
Аутизмі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық-түзету орталығы "Qadam" мүмкіндігі шектеулі балалар үшін паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай "Көңілді эстафеталар"спорттық мерекесін өткізді. Біздің кәсіпорын да осы жарқын күнде шетте қалмады. Біз көлік қызметін көрсету арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекені ұйымдастыруға көмектестік. Балалар спортын осылай дамытатынымыз өте керемет. Ерекше балаларды спорттық іс-шараларға тарту арқылы қоғам өміріне араласуға мүмкіндік береді. Күнделікті оқу және нақты өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуге физикалық жаттығулар арқылы үйренеді.
Іс-шара қуаныш пен шабытқа толы көңілді достық ортада өтті. Бұл денсаулықты жақсартудың ең жақсы құралы.