Әрбір қазақстандық өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға міндетті, деп МТҚБ Автошаруашылығының қызметкерлері сенімді. Осы маңызды мерекені кәсіпорын ұжымы елдің Әнұранын орындап қарсы алды. Сонымен қатар «Туған жерім, тұғырығым - Қазақстан!» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендж аясында жұмыскерлер өз балаларымен бірге еліміздің әнұранын шырқап тұрған бейнероликтер түсірді, мемлекеттік рәміздер аясында фотосуреттер түсірді, сондай-ақ жас суретшілер туған елінің рәміздері бейнеленген суреттерін жіберді.
Жүргізуші Бекболат Черниязовтың қыздары Даян мен Азалияның орындауындағы мемлекеттік әнұраны мен «Тәуелсіздік ұраны!» атты патриоттық әні баршамызға ұнады. Алмат Тұрсынхан біздің рәміздер туралы өлеңді ерекше патриотизммен оқыды.
Кішкентай патриоттар Әліби мен Аяжан Қожахмет екі дауыспен әнұран шырқады.
Жасұлан Диана мен Адия керемет суреттерімен қуантты.
Челлендждің барлық қатысушыларына сыйлық ретінде кітаптар табысталып, ал жеңімпаздар да естелік сыйлықтарға ие болды.