Қонақтарға тәтті сыйлықтар және Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрындағы қойылымға билеттер табыс етілді.
Кәсіпорынның бас тәлімгері директордың орынбасары Құралай Төретаева зейнеткерлерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қуаныш, күлкі, мейірім мен адамдық жылу тіледі.
«Әр адам отбасының назарын, меірімді және шынайы қамқорлығын қалайды. Бұл сіздің өміріңізде әрқашан мол болсын! Сіз ұзақ жылдар қызмет еткен біздің Автокөлік кәсіпорынның ұжымы ұйымдастырған осындай отбасылық мерекемен қуантуды жөн көрді», - деді ол.
Әр ұжым аға буынның естелігіне және тәжірибесіне негізделген. Қарттар – өмірлік тәжірибе мен даналықтың тірегі. Біздің кәсіпорында ұзақ жылдар еңбек еткен аға буынымыз болмаса, кәсіпорнымыз мұндай деңгейге жетпес еді - сондықтан осы мереке күні оларды құрметтейміз. Бұл күні біз дәстүрлері мен көп жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін жастарға жеткізіп, еңбек демалысында болса да кәсіпорын тарихында қалатын еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетеміз.
«Мереке шын жүректен өтті, жақсы болды... сыйлықтар мен естелік ретінде бірлескен фотосуреттер үшін рахмет», - деді Қоныспай Батталов.
Айтпақшы, 1 қазан 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.