Биыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл толады. 10 тамыз Абай күні болып ресми түрде жарияланып, мереке тізіміне еңгізілді.
Ұлы ақын Абайдың әлемнің көптеген елдері шығармашылығына және қазақ халқына мұра етіп қалдырған еңбектеріне тәнті болуыда. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жыл Абайдың Халықаралық деңгейде шыңға шыққанын атап айтты. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО қолдауымен көрнекті ақынның 175 жылдығы жаһандық деңгейде атап өтіледі.
Сонымен қатар, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай Кәсіпорын қызметкерлер арасында «Абай оқулары» онлайн байқау жарияланды. Онлайн байқаудың мақсаты, қызметкерлердің қазақ тілінің көркемдік шеберлігін арттыру және ұлы ақын Абайдың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне ықыласын арттыру болып табылады.
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек онлайн байқаудың қорытындысы жарияланатын болады. Байқаудың қорытындысы бойынша, үлес қосқан қызметкерлерге Кәсіпорын басшылығының атынан мадақтама табысталатын болады.