Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Спорт күнін атап өтеді.
Мереке спортты дамытуға және отандық спортшылардың спорттық жетістіктерін құрметтеуге арналған.
Біздің Кәсіпорын ерекшелік емес. Әр түрлі спорттық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады, оларға біздің Кәсіпорынның қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
Айта кетсек, көлік құралдарын пайдалану қызметінің бастығы, Төретаева Құралай 2 жыл бойы, ҚР ПІБ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысқан боулинг жарысы бойынша, әйелдер арасында Үздік ойыншы болғанын атап өткім келеді.
Спорт - тең мүмкіндіктер мен адал жарыстар әлемі, олимпиадашылар мен паралимпиадашылардың мысалдарымен шабыттана отырып, әркім өзінің жеке мақсатына жанқиярлықпен барып, оған қол жеткізе алады.