Басты бетҚазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу ережелері өзгерді

Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу ережелері өзгерді

Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу ережелері  өзгерді

     Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің 2020 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

     «10. Қағидалардың 10-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама), конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб- порталында (бұдан әрі – веб-портал) орналастырмай жүзеге асырылады.»;

     «10-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қысқаша ақпарат) веб-порталда орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру рәсімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 28-1, 28-2, 28-3, 28-4 және 29-1-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.» Толық құжатпен мына жерде. танысуға болады