
Амман және Шарль Де Голль көшелерінің қиылысында қосымша секциялары бар бағдаршамдар орнатылды және оңға бұрылу үшін жұмыс уақыты ұлғайтылды. Ал "Милан Кварталы" ТК ауданындағы көпірден оң жақ бұрылыстың бағытын үйлестіретін қауіпсіздік аралы ұйымдастырылды.
Аталған шаралар қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып, автоәуесқойлар үшін жол қиылысынан өтуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол қиылысының бір жағынан олардың қозғалысына тыйым салынады. Сондай-ақ, қиылыста Шарль Де Голль көшесінің екі жолағынан көпір бағытында жол таңбасының пунктирлі сызығы, сондай-ақ Амман көшесінен Шарль Де Голь көшесіне сол жақ бұрылыс салынған. Қозғалысты ұйымдастырудың бұл схемасы қала көшелерінің басқа қиылыстарында да сәтті қолданылуда,-деп хабарлады Нұр-сұлтан ПД баспасөз қызметі.