5 кірме жылу магистралі құрылысы аясында Ш. Бейсекова көшесі бойында, Оқжетпес көшесімен қиылысу учаскесінде жұмыстар жоспарланған, , деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Осыған байланысты 8 қазан мен 11 қазан аралығында қосымшадағы сызбада көрсетілген учаскеде атокөлік қозғалысы тоқтатылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс болдырмау үшін бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», – делінген хабарламада.