22 қазаннан бастап Елордада рұқсат етілмеген жерлерде автокөліктердің тоқтау мен тоқтап тұруын автоматы түрде жүйеге еңгізіледі.
Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ тоқтауға және тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілерінің талаптарын сақтамау енді мамандандырылған көлік құралдары жарақтандырылған «Дозор-М» сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешендерімен автоматы режимде тіркелетін болады.
Мамандырылған автокөліктердің қала көшелерімен жүріп-тұруы кезінде бұл кешен құқық бұзушылық жасалған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, GPS⁄ГЛОНАСС көмегімен нақты орын мен уақытты анықтайды. Кейіннен бұзушылықтар туралы мәліметтер ұялы байланыс модульдері арқылы келіп түседі, онда осы деректердің негізінде ұйғарым түрінде әкімшілік айыппұлдар рәсімделеді.
Кешен анықтаған жол немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамаудың фактілерін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 601-бабының 1-бөлігі бойынша 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзуған үшін Кодекстің 597-бабы бойынша бұзушылыққа байланысты 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілікті көздейді.
Белгіленбеген жерлерде тоқтау мен тоқтап тұру және жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау - ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі. Жүргізушілер көліктерін тиым салынған жерлерде қалдырады, осылайша жолдарда апаттық жағдайлар, «кептелістер» және жол қозғалысына қатысушылар үшін басқа да қолайсыздықтар туғызады. Енді аталған құқық бұзушылықтар сертификатталған фотобейнетіркеу құралдарын қолдану арқылы тіркеледі» – деп хабарлайды Нұр-сұлтан қаласының ПД.