Басты бетМәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісіне сайлауды 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындады, деп  хабарлады Ақорда сайтында .

"Бүгін мен, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімде, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді", - деді ҚР Президенті 20 қазан қарсаңында.

Президент елімізде саяси жаңғырту мен көппартиялықты дамытуға бағытталған реформалар жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Атап айтқанда, парламенттік оппозиция бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдаулар өткізуге, сондай-ақ бір сессия ішінде кемінде екі рет Үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқық алды.

"Бұл ретте саяси партиялар фракцияларының басшыларына Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және өзге де іс шараларда сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі",— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.