9 желтоқсан сағат 01: 00-ден 06: 30-ға дейін Алаш тасжолы көпірінде (Бөгенбай батыр даңғылы арқылы өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында көшенің оң жақ шетін жабу жоспарлануда.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліске жол бермеу үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.