Басты бетЖөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірде қозғалыс ішінара жабылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірде қозғалыс ішінара жабылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірде қозғалыс ішінара жабылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты 11 желтоқсанда Алаш тас жолы көпірі (Бөгенбай батыр даңғылы арқылы өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында жабылады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 11 желтоқсанда нысандағы теміржол арқылы (оң жағы) өтетін No2 жол өтпесінің аралық құрылысының арқалығы бұзылды.

«Бөлшектелген арқалық қауіпсіздік жолағы мен қозғалыс жолағының бір бөлігінде бар аралықта қалдыру керек болды. Осыған байланысты жолдың бір бөлігін жабуға тура келді. 12 желтоқсанға қараған түні бұл материал бөлшектеніп, қоқыс полигонына шығарылады», - деп түсіндірді мамандар.

Азаматтарға кептелісті болдырмау үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Нұр-Сұлтанның көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.