Қаланың жол торабының жүктемесін азайту үшін 20 желтоқсаннан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қосшы бағытында «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығынан айналмаға дейін автобус жолағы алынып тасталды.
Қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган - Әкімшілік полиция департаментімен келісім бойынша қабылданды.