Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Фахт бен Абдул Азиз көшесін орташа жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 12 мамыры мен 1 маусымы аралығында Ақан сері көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмысына байланысты автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.