Басты бетҮстел теннисі бойынша спорттық іс шараға МТҚБ Автошаруашылығы қызметкерлерінің қатысуы туралы

Үстел теннисі бойынша спорттық іс шараға МТҚБ Автошаруашылығы қызметкерлерінің қатысуы туралы

Үстел теннисі бойынша спорттық іс шараға  МТҚБ Автошаруашылығы қызметкерлерінің қатысуы туралы

2025 жылғы 12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (бұдан әрі – Іс басқармасы) 2025 жылға арналған Спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жоспарын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызметкерлерді дене шынықтырумен, спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту мақсатында Іс басқармасы мен оның ведомстволарының және ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті.

ШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК қызметкерлері жыл сайынғы турнирге белсенді қатысты, осылайша өз денсаулығына қамқорлық пен спорттық белсенділік олардың өмірінің маңызды аспектілері болып табылатынын, сондай-ақ басқаларды салауатты өмір салтына шабыттандыратынын және насихаттайтынын көрсетті.

Турлар өткен сайын ойын қыза түсіп, жақсы эмоционалды көңіл-күймен қарқынды болды.

Спорттық іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға кубоктар, медальдар, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.