Басты бет«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында МТҚБ Автошаруашылығының басшылығы мен қызметкерле...

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында МТҚБ Автошаруашылығының басшылығы мен қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында  МТҚБ Автошаруашылығының басшылығы мен қызметкерлері  жалпы қалалық сенбілікке қатысты

2025 жылғы 26 сәуір күні ШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК басшылығы мен қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру шеңберінде жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Сенбілік Кәсіпорын аумағында өтті. 15-тен астам ағаш көшеттері, соның ішінде қарағаштар, қарағайлар және басқа да ағаш түрлері отырғызылды. Сонымен қатар бірнеше ондаған гүл түйнектері отырғызылды. Санитарлық тазалау жүргізіліп, Кәсіпорынның барлық аумағы абаттандырылды. Қоқысты жинау үшін арнайы техника жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұлттық жоба. Оның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

Сенбілік соңында Кәсіпорын басшылығы қатысушыларға арнап дастархан жайып, осындай бірлескен іс-шараға қатысудың арқасында Кәсіпорын ұжымы өзінің командалық рухы мен салауатты қарым-қатынасын көрсетті.