Басты бетШЖҚ «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК-де Қарттар күнінің атап өтілуі туралы

ШЖҚ «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК-де Қарттар күнінің атап өтілуі туралы

2025 жылғы 1-қазанда «МТҚБ Автошаруашылығы» (бұдан әрі – Кәсіпорын) Халықаралық Қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке жыл сайын бізге үлкен буынға деген құрмет пен алғыс білдірудің, олардың еңбегі мен өмірлік даналығының маңыздылығын еске салады.

Қатысушылар алдында директор – Сұлтанғалиев Марат Қырғызәліұлы құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, мамандыққа деген адалдығы және ұжымның дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ, директордың орынбасарлары – Е.М.Мәулетханов және Қ.К.Төретаева өздерінің ізгі тілектерін жеткізіп, үлкен буынның тәжірибесі мен іске адалдығының арқасында жас қызметкерлер кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндік алып, Кәсіпорын дәстүрлерін сақтайтынын атап өтті.

 Мерекеге орай Кәсіпорын ұжымының атынан музыкалық бағдарлама ұйымдастырылып, дастархан жайылды,  сондай-ақ барлық қонақтарға сыйлық сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді.

  Іс-шара жылы және достық атмосферада,өтті бұл корпоративтік дәстүрлерді нығайтуға мүмкіндік беріп, қатысушыларға қарым-қатынас қуанышын сыйлады. Қатысушылар өздеріне көрсетілген құрмет пен құттықтау сөздері үшін басшылыққа және әріптестеріне шынайы алғыстарын білдірді.