2026 жылдың 12-16 наурыз аралығында Кәсіпорын қабырғасында әлеуметтік қолдау мақсатында «Шын жүректен» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері ерікті түрде белсенділік танытып, қажетті азық-түлік өнімдерін жинауға атсалысты. Арнайы акция үшін Кәсіпорынның бірінші қабатында орнатылған жинау бекеттеріне түрлі азық-түлік себеттері қалдырылды.
Жиналған көмек Кәсіпорынның көпбалалы отбасыларына үлестірілді. Осы игі іске үлес қосқан және бей-жай қарамай, шынайы жанашырлық танытқан барлық әріптестерімізге алғыс айтамыз.
Бұл бастама ұжымдағы бірлік пен өзара көмек құндылықтарын нығайтуға бағытталған