Қасиетті Рамазан айы аясында Кәсіпорын ұжымына арналған ауызашар дастарханы жайылды. Жыл сайынғы дәстүрге айналған шара қызметкерлер арасындағы моральдық-психологиялық климатын жақсартуға және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Жиын барысында қызметкерлер қасиетті айдың мән-маңызы, сабырлылық пен игілік құндылықтары төңірегінде пікір алмасты. Кәсіпорын басшылығы адал қызмет пен қоғам игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, әріптестеріне ізгі тілектерін білдірді.
Мұндай дәстүрлі іс-шаралар ұжым мүшелерінің өзара сенімін арттырып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында бірлесе қызмет етуге зор серпін берді.