Басты бетКәсіпорын қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» атты сенбілікке қатысты

Кәсіпорын қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» атты сенбілікке қатысты

Ағымдағы жылдың сәуір айында Кәсіпорын қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасын іске асыру мақсатында «Мөлдір бұлақ» бастамасына белсенді қатысты.

Аталған іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлерімен және ведомствоға қарасты ұйымдармен бірлескен сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында Есіл-Нұра арнасының бойындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Бұл бастама қоршаған ортаға қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған іс-шара болып табылады.