Басты бетКонституциялық реформаларды іске асыру жөніндегі түсіндіру кездесуі

Конституциялық реформаларды іске асыру жөніндегі түсіндіру кездесуі

Ағымдағы жылдың 25 мамыр айында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы» ШЖҚ-дағы РМК-да маңызды шара ұйымдастырылды. Кәсіпорын ұжымына 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған түсіндіру жиыны өтті. 
Кездесу барысында еліміздің Негізгі Заңына енгізілген жобалардың түйінді бағыттары жан-жақты талқыланды. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Парламенттің рөлі мен өкілеттіктерін арттыру жайы басты назарда болды. 
Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтті, онда Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, реформалардың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Мұндай кездесуді өткізу қызметкерлердің реформалар туралы ақпараттандыру деңгейін нығайтуға септігін тигізеді.