Басты бетХалықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылды. 
Іс-шара аясында бүлдіршіндер Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК сахнасында қойылған «Күлшеқыздың шыны шәркейі» ертегісін тамашалады. Мерекелік шараға 3 пен 12 жас аралығындағы балалар қатысты.
Мәдени іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде кішкентай көрермендерге арналған қызықты анимациялық бағдарлама ұсынылып, түрлі ойындар мен көңілді сайыстар өткізілді. Сонымен қатар, балалар үшін арнайы сабын көпіршіктері шоуы ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ертегі кейіпкерлерімен бірге ойнап, сиқырлы сәттерге куә болған бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Іс-шараның екінші бөлімінде балалар көптен күткен «Күлшеқыздың шыны шәркейі» қойылымын тамашалады. Сахнаның әсем безендірілуі, актерлердің шебер ойыны және ертегінің тәрбиелік мәні зор мазмұны кішкентай көрермендерді сиқырлы әлемге жетеледі.
Қойылым аяқталғаннан кейін балалардың жүзінен көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер анық байқалды. Олар мерекеден жарқын әсер алып, ұмытылмас естеліктермен тарқасты.
Кәсіпорын ұжымы балалардың жан-жақты дамуына, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. 
Осы орайда барлық балалар мен ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, шаттық және жарқын болашақ тілейміз!