Басты бет«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өткізілді

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өткізілді

2026 жылғы 17 маусымда Кәсіпорында «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қызметкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру және жеке қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру. Кездесу барысында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарындағы артық қаражатты тиімді пайдалану жолдары, несие рәсімдеу кезінде тиімді шарттар мен төмен пайыздық мөлшерлемелерді таңдау тетіктері, жеке табысты жоспарлау және оны ұтымды бөлу қағидалары, сондай-ақ қаржылық тәуекелдердің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауаптар алды. Іс-шара өзара пікір алмасу форматында өтіп, қызметкерлер үшін пайдалы ақпараттармен толықтырылды.

Осындай іс-шаралар қызметкерлердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға және қаржылық шешімдерді саналы қабылдауына ықпал етеді.

Сонымен қатар, кездесу барысында банк алдындағы берешектер бойынша тегін заңгерлік көмек пен кеңес беру қызметтері қолжетімді екені айтылды.