Басты бетКәсіпорынның қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

Кәсіпорынның қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай Кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 30 жыл» мерекелік медалімен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттар қызметтік міндеттерін адал атқарып, Кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді жұмысына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге табысталды.
Кәсіпорын директоры марапат иелерін құттықтап, олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тіледі.