Басты бет › ШҚД Автошаруашылығының қызметкерлері Қарттар күніне орай зейнеткерлерді құттықтады

ШҚД Автошаруашылығының қызметкерлері Қарттар күніне орай зейнеткерлерді құттықтады

ШҚД Автошаруашылығының қызметкерлері Қарттар күніне орай зейнеткерлерді құттықтады ШҚД Автошаруашылығының қызметкерлері Қарттар күніне орай зейнеткерлерді құттықтады ШҚД Автошаруашылығының қызметкерлері Қарттар күніне орай зейнеткерлерді құттықтады ШҚД Автошаруашылығының қызметкерлері Қарттар күніне орай зейнеткерлерді құттықтады

Қарттар күніне орай «Қазақстан Республикасы Құрылтайының Шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылығы» ШЖҚ РМК ұжымы кәсіпорынның зейнеткерлері мен қамқорлығындағы зейнеткерге құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында ардагерлерге көпжылдық адал еңбегі мен кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді. Зейнеткерлерге арнап мерекелік дастархан жайылып, азық-түлік себеттері табысталды. Сонымен қатар олардың жағдайы мен қажеттіліктеріне назар аударылып, қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Аға буынға құрмет көрсету, ардагерлерге қамқорлық жасау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау – кәсіпорын ұжымының басты құндылықтарының бірі. Мұндай кездесулер еңбек ардагерлеріне деген құрметті арттырып, ұжымның жақсы дәстүрлерін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын басшылығы мен ұжымы барлық ардагерлер мен зейнеткерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен бақ-береке тілейді!