Марат Кыргызалиевич Султангалиев ҚР ПІБ МТҚБ басшысының бұйрығымен «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы» РМК директоры болып тағайындалды.
Бүгін, 30 қазанда МТҚБ басшысы Серік Бақтияр ұжымға жаңа басшыны таныстырып, табысты жұмыс тіледі.
Марат Султангалиев 1982 жылы 5 сәуірде Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2003 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы «ЖЖФЗ» өндірістік компаниясында заңгер болып бастаған.
2005-2021 жылдары орталық мемлекеттік органдарда, ҚР Үкіметінің аппаратында түрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2021 жылдан 2024 жылға дейін Жамбыл облысы әкімінің және Астана қаласы әкімдігінің жұмыс тәжірибесі бар.
2021-2024 жылдар аралығында Жамбыл облысының аудандық әкімдігінде және Астана қаласының әкімдігінде жұмыс тәжірибесі бар.