Басты бетШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК наурыз айындағы туған күн иелерін құттықтады

ШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК наурыз айындағы туған күн иелерін құттықтады

ШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК  наурыз айындағы туған күн иелерін құттықтады ШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК  наурыз айындағы туған күн иелерін құттықтады

ШЖҚ «МТҚБ автошаруашылығы» РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2025 жылғы
31 наурыз күні наурыз айында туған қызметкерлерді дәстүрлі түрде мерекелік құттықтау өткізді.

Ай сайынғы құттықтау мерекесінде директор – Марат Сұлтанғалиев өзінің жылы лебіздерін білдіріп, қызметкерлерге адал жұмысы үшін алғысын айтты. Олардың әрқайсысын туған күнімен құттықтап, жұмыстарында табыс тіледі.

Сонымен қатар директордың орынбасары – Құралай Төретаева,
ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің  бастығы –
Алтынай Өмірзақова және кәсіподақ төрағасы – Руслан Мансұр өз құттықтау сөздерін айтты.

Наурыз айындағы туған күн иелерінің (25 қызметкер) арасында ерекше мерейтой иелері, зейнеткерлік жасқа толған, Кәсіпорында үлкен тәжірибесі мен жұмыс өтілі бар келесі қызметкерлер болғанын атап өтсек, көлік жүргізушілеру Сәрсембай Тойшыбеков – 63 жас, Әмзе Төребеков – 62 жас, Болат Баяшев – 62 жас, Қанат Нұрпеисов – 61 жас, Нұрлан Жармышев – 60 жас, Берік Мақанов – 60 жас, Кеңес Мұсәпіров – 60 жас және
Бақыт Қабиев – 50 жас.

Еңбекақы төлеу, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және қызметкерлерге үстемақы белгілеу қағидасына сәйкес мерейтойлық күндерге 50 және 60 жас сыйақысын төлеу көзделген.

Мерекелік іс-шара соңында қызметкерлер басшылыққа және әріптестеріне көңіл бөліп, жылы лебіздерін білдіргені үшін алғыстарын айтты.