Басты бет«МТҚБ Автошаруашылығы» қызметкерлерінің волейбол турниріне қатысуы туралы

«МТҚБ Автошаруашылығы» қызметкерлерінің волейбол турниріне қатысуы туралы

2025 жылғы 27-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (бұдан әрі Іс басқармасы) 2025 жылға арналған спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жоспарын жүзеге асыру жоспары аясында, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және қызметкерлерді спортпен тұрақты шұғылдануға тарту мақсатында Іс басқармасының және оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

ШЖҚ «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК қызметкерлері аталған іс-шараға белсенділікпен қатысты. Турнир жоғары деңгейде өтіп, әр команда табандылық пен спорттық шеберлікті айқын көрсетті.

Турнир аяқталған соң ұйымдастырушылар барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға кубоктар, медальдар, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етті.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде және Кәсіпорын басшылығының бақылауымен жүргізілетін болады.