7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Кәсіпорында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынның ашылуында директордың орынбасарлары А.С. Ескендерова және Қ.Қ. Төретаева құттықтау сөз сөйлеп, ұжым ер-азаматтарына денсаулық, қажымас қайрат пен еңбекте табыс тіледі. Мерекелік бағдарлама арнайы дайындалған құттықтау бейнеролигімен жалғасып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, қатысушылардың жылдам ойлау және логикалық қабілеттерін сынау мақсатында түрлі сұрақтар қойылды. Ойын барысында белсенділік танытып, тапқырлық көрсеткен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде қызметкерлерге әртүрлі креативті номинациялар беріліп, мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.